Абай атындағы Нововладимир орта мектебінде 1-қыркүйек - «Білім
күні» мерекесіне орай салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға Бұлақсай ауылдық
округінің әкімі Джандыбаев Қуаныш Мухтарович пен әкімнің бас маманы Абраева
Гүлнар, ата-аналар комитетінің төрайымы Тырнахан Риза мен бұрынғы ата-аналар
комитетінің төрайымы Зулхпар Зияш және
мектеп әкімшілігі, ауыл тұрғындары,ата-аналар қатысты.
Мектеп
директоры Халым Толеуиш, ауыл әкімі
Джандыбаев Қуаныш Мұхтарович , ата-аналар комитетінің төраймымы Тырнахан
Ризалар салтанатты іс-шараға арналған
мерекелік құттықтау сөздерін айтты.
Аудандық тамыз
конференциясында Аршалы ауданы әкімінің алғыс хатымен марапатталған бастауыш
сынып мұғалімі Оросхан Ботагүлге құттықтау жолданып, іс-шараға қатысушы қауымға
таныстырылды.Сондай-ақ Оросхан Ботагүл Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына
орай білім беру ұйымдарының педагогтардың арасында өткен «Үздік бастауыш сынып
мұғалімі-2018 » атты Республикалық байқаудың жеңімпазы І дәрежелі диплом және
мелальмен марапатталды.
«Төртінші
өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» тақырыбындағы аудандық
педагогикалық қызметкерлерінің тамыз кеңесіне арналған көрмеге шығармашылық
ізденіспен қатысқаны үшін Абай атындағы орта мектебі Аршалы ауданы білім
бөлімінің басшысы Абылкасимов Талғат Шайкенұлының ІІ дәрежелі дипломымен
марапатталды.
Білім беру
саласының өркендеуі жолында адал қызмет етіп, қазіргі заман талаптарына сай
оқу-тәрбие ісін ұйымдастыру мен жетілдірудегі қол жеткізген табыстары,кәсіби
шеберліктері, білім беру жүйесін дамытуға ерекше үлес қосқаны үшін,саяси
белсенділігіңіз бен өз салаңызда атқарған нәтижелі еңбектері мектеп директоры
Халым Толеуиш Астана қаласы, Ақмола облысы кәсіподақ комитетінің «Құрмет
грамотасымен» марапаталды.
Мектеп басшысы мектепке қабылданған жас маман
матемаика пінінің мұғалімі Садуахас
Асылзат пен технология пәні мұғалімі Каден Тұрымтайларды ұжымға таныстырып,
құттықтау жолдап, гүл шоғын табыстады.
1-сыныпқа
қабылданған оқушылар мен 11-сынып оқушыларының ыстық лебізін тыңдап, ұстаздар
мен мектепке арналған өлең, ән-жырлары айтылды.
9-сынып пен
11-сынып ата-аналары 1-сыныпқа қабылданған оқушыларға «Мектепке жол» акциясы
бойынша өздерінің дайындаған шағын сыйлықтарын тарту етті.
Іс-шара соңында алғашқы қоңырау соғылып, ата-әжелердің шашуы шашылды. Естелік ретінде
суретке түсіп, салтанатты шара көңілді аяқталды.
Мектеп
директоры: Халым Толеуиш