Адам баласы өзінің жан дүниесін сүйіспеншілік пен қайрымдылықпен
қайғыны түсіне білу қасиеттерімен нығайтып,шынайы өмір сүре білу керек.
Абай атындағы Нововлвдимир орта мектебінде үнемі әр түрлі тақырыптарда іс-шаралар өткізіліп тұрады. Соның бірін атап өтер болсақ, 13.02 -23.02 аралығында өзін-өзі тану пәні бойынша онкүндіктің «Сүйіспеншілік пен
шығармашылық педагогикасы» тақырыбында «Ән көңілдің ажары» атты ән кешімен қорытындылады. Кеш жоғары деңгейде ұйымдастырылды.Аталмыш іс-шараға 5-9 сынып оқушылар қатысып өз өнерлерін
қөрсетті.
Шығармашылық өнерлерін мынадай номинациялар бойынша «Ең өнерлі сынып»,Ең үздік әнші»»,Ең
үздік биші» деп марапатталды. Қатысқан оқушылардың ішінде 5-6 сыныптың ұл-қыздары өз өнерлерін жоғары
деңгейде көрсетті.
Бұл іс-шараны ұйымдастырған өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Магау Саулетхан тек қана оқушылардың емес,өзінің шығармашыл ұстаз екенін көрсете білді. Онкүндік барысында ұстаздар мен оқушылар арасында қарым-қатынасты нығайту мақсатында «Жүректен–жүрекке жол тапқан»атты пошта жұмыс жасады.Бұл жұмысты іске асыруда 9-сынып оқушылары белсене жұмыс атқарды.
Алдағы уақытта мектебіміздің ұстаздары мен оқушыларына шығармашылық табыстар мен үлкен
жетістіктерге жете берулеріне шын жүректен тілектеспін.
Абай атындағы Нововладимир орта мектебінің
директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары: Тажбекеева Райхан Темирхановна