Елбасы
жолдауы-Қазақстанның жедел дамуының кепілі
Ел Президентінің әр жылғы жолдауы- Қазақстанның бұлжымас саяси дәстүріне арналған әр кезеңнің даму
дәуірін айқындайтын бағдарламалық құжат. Тәуелсіздік жылдары ішінде Елбасымыз халыққа 21 рет жолдау жолдады. 25 жылда
жеткен жетістік -біздің тарихи табысымыз.
Елбасымыз уақыт талабымен үндескен үдеріс
негізінде Конституциялық реформа жасады. Президент жарлығына сәйкес билік
тармақтары өкілеттіліктерін бөлісу мәселесі бір ай мерзімде бұқара халық
арасында талқылануда. Конституция бойынша көп өкілеттілік үкімет пен
парламенттің пәрменділігін арттырмақ. 40-қа жуық өкілеттілігін бөліп беретін Елбасының
тұңғыш реткі саяси үндеуі ел өміріндегі
тарихи мәлімдеме. «Заманның дидары өзгерді,бізде өзгеруіміз қажет. Алдымен
экономика,одан кейін саясат»-деген қағиданы ұстанған Президентіміз ел
басқарудағы саяси жүйені нығайтып әрі жетілдіру арқылы демократиялық жолмен елдің дамуын жеделдетуді
қолға алды.
Мемлекет басшысының бұл жолғы «Қазақстанның
үшінші жаңғыртылуы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбындағы халыққа
жолдауы Қазақстанды саяси және экономикалық жағынан ауқымды жаңғырту
реформасының жаңа кезеңіне жол ашты. Бұл бағдарлама жаңа жаһандық үрдісте еліміздің ұзақ мерзімде
дамуын жедел түрде жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Ұлт көшбасшысының сындарлы саясатының
арқасында Қазақстан екі жаңғыртудан сәтті өтті.Алғашқы жаңғырту осыдан 25 жыл
бұрын Кеңес Одағының құрсауынан құтылып,бодандығынан босатылып жаңа өмір
бастаған сәт болса екінші жаңғырту «Қазақстан-2030» стратегиясын бағдарға алып,
арман қала Астананы құрғандығымыз. 25 жыл ішінде елде тұрақтылық
қалыптасты,нарықтық экономика жүзеге асты,орасан зор инвестиция
тартылды,халықтың тұрмыстық жағдайы жақсарды. Мұның барлығы Қазақстанның
әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына енуіне жағдай жасайды. Қазақстанның
үшінші жаңғыртылуы экономика мен кәсіпкерлікті модернизациялау жүйесіндегі
тарихи құбылыс.
Жаңа экономикалық сала құру, жекешелік
әріптестік саланы дамыту,ІТ технологиясына негізделген базалық экономикалық
саланы дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Табиғи өнімдер мен тағамдар шығару арқылы
Қазақстан халқын қамтамасыз ету және экспорттау деңгейіне жету Елбасының алдыға
қойып отырған мақсат,міндеті.Жолдауда белгіленген 5 басымдық экономикалық
өсіммен жаппай кәсіпті дамытуды көздейді. Біз бұл мақсатқа жету арқылы
әл-аухатымызды жақсартып,өмір сүру деңгейімізді сапаландырамыз.
Білім беру саласының жаңарған мазмұнына
сай үштілділікті дамыту арқылы Қазақстанды әлемдік деңгейге танытатын ұрпақтың
бәсекеге қабілеттілігін жетілдіріп,оларды ғылымның тілін үйренуге
жетелеп,болашаққа білікті маман,мықты кадрлар дайындауымыз қажет.Ал кадр
мәселесі –барлық түйткілді істің түйінді шешуі.
«Теңіз тамшыдан құралады»демекші жұдырықтай
жүрегі «жұртым »деп соққан ,ұлт мүддесі үшін қызмет атқаратын әр саланың
мамандары алдына нақты мақсаттар қойып,нәтижеге бағытталып жұмыс жасау арқылы өз
істерінен табысты нәтижелер шығарып,атқарған еңбектерінің қоғамдық пайдасын
көздесе ұлт болашағы үшін ұлы істер
жасаған жасампаздықтары болмақ.Лайым, Қазақстанның үшінші жаңғыртылуының сәтті өтуіне еліміздің еңсесінің биік
болып,көк байрағының көкке желбіреп,төрткүл дүниеге таныла беруіне үлес қосайық!Өйткені болашақ -біздің
қолымызда!
Мошке А.
Абай атындағы Нововладимир орта мектебі директоры
Аршалы ауданы мәслихатының депутаты