Абай атындағы Нововладимир орта мектебінде «Даярлығым, қош енді!» атты тақырыпта мектепалды даярлық тобының ертеңгілігі болып өтті. Оросхан Ботагул мұғалім дайындаған бұл мектепалды тобының балалары кішкентай болсада әр қырынан өздерінің өнер
білімге деген құштарлығын көрсете білді. Балалар жаңа заман талабына сай үш тілде сан санап, жан –жақты білімге деген ынта жігерінің мол екендігін көрсетіп ,көрермендерді ерекше ықыласпен тамсандырды. Жас ұрпақтың санасының кеңіп, дүние танымының күн сайын өркендеуі, өскелең ұрпақты өрге көтеру білікті де білімді ұстаздың қажырлы еңбегінің арқасы екендігі анық. Бұган дәлел, орыс
қызы Рудик Анастасия қазақша сөйлеп, қазақша оқып, ағылшынша санап берді. Ал тілдері әлі жетіле қоймаған жас бүлдіршіндер үш
тұғырлы тілді дамыту бағдарламасын өз ісіне мақсат тұтқан ұстаздың ерен еңбегінің арқасында үш тілде де еркін меңгеріп алатынына көз жеткізді.