«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Абай атындағы Бұлақсай ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразательная школа №2 имени Абая села Булаксай по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тәрбие басы - тіл

17.10.2017

Тақырыбы: Тәрбие басы – тіл

Мақсаты: Жас ұрпақты

ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге шақыру.

Ана тілін сүюге, ана тілін ардақтай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: қабырға газеті,

ақын-жазушылардың суреттері..

Әдісі: Мерекелік іс-шара.

Барысы:

 Мемлекеттік

Гимн орындалады.

Мұғалім:

            Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

  

Қазақстан көп ұлтты мемлекет.Әр ұлттың өзіндік ана тілі бар. Ол  халықтың тарихымен бірге жасап,

ұрпақтан-ұрпаққа қатынас құрал ретінде қызмет жасап келеді.Қазақ тілі мемлекеттік

тілі.

  Алғаш рет 

1998 жылы 21 мен 27 қыркүйек аралығында Тілдер апталығы Республика

бойынша аталып өткен еді. Міне содан бері жыл сайын біздің елімізде, жерлерде

Тілдер күні үлкен ресми іс- шаралар жүргізу дәстүрге айналған.

         1989 жылы,22 қыркүйекте тұңғыш рет

Қазақ КСР-нің «Тілдер туралы» заңы қабылданып, онда қазақ тіліне «Мемлекеттік

тіл» мәртебесі берілді. 1997 жылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының «Тіл

туралы» Ата Заңы қабылданды. заңда қазақ тілі-мемлекеттік тіл деп нақты атап

көрсетілген.

Б. Момышұлы атамыз: «Тілін білмеген-түбін білмейді» деген. Шынында, тілін

білмеген адам өз халқының тарихын, дәстүрін, мәдениетін өз тілінде сезініп,

терең бойлай алмаса, ол қасірет емес пе?

Сондықтан әр адам ана тілін көзінің қарашығындай сақтауға, білуге тиіс.

Болашағымызды баянды етер қаруымыз-тіліміз. Ана тілімізді құрметтей білейік.

 Тіл жайында

үгіттейді кімді-кім?

Тілім менің, тілім менің-тірлігім!

Әрине, тіліміздің тағдыры үшін күресте халқымыз қам-қаперсіз болған емес.Бүгін

де ана тілінің тағдырына алаңдайтын азаматтар баршылық.. Ұлылардан қалған ұлы

сөздерге құлақ асайық.

1-оқушы: «Ана тілін білмейтін адам

бір қолы жоқ шолақ адам секілді».Ғ. Мұстафин.

2-оқушы: «Ана тілін ұмытқан адам өз

халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.» Ғ. Мүсірепов.

Каусар:Сөзі жоғалған  халықтың өзі де жоғалады.  Ахмет Байтұрсынов

Самат: Қазақстан Республикасындағы

мемлекеттік тіл қазақ тілі Н.Ә.Назарбаев

Хайринса:

Қазақтың

келешегі – қазақ тілінде.

Тілден асқан

қазына жоқ

Тілден артық

қасиет жоқ. Н.Ә.Назарбаев

Ана тілі –

бәріміздің анамыз, өйткені ол- ұлтымыздың анасы. Н.Ә.Назарбаев

Жансая: Тіл адамдар  арасындағы қасиетті қатынас құралы.Тілсіз

қоғам жоқ.

Нұрасыл: Тіл, сөз  дегеніміз ата бабамыздан келе  жатқан ел дәстүрі

Хайринса: Көз жанның айнасы, тіл қоғамның

айнасы.

Каусар: 

Қазақ тілі  мемлекеттік тіл. Ол

білімді , ғылымды үйрену тілі.

Саят. Родной язык!

Он дорог мне,

он мой.

Шуғыла: 

Тіл ұлы қазына, баға жетпес асыл мұра.

Самат: 

Родной язык!

Он с детство

мне знаком.

Хайринса:

Сүйемін туған тілді- анам тілін,

Бесікте жатканымда-ақ берген білім.

Шыр етіп  жерге

түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үнім.

Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты,

Сүйгенім, сүйсінгенім жек көргенім.

 

Нұрберген: Тілдің адам өміріндегі  қызметі өте биік.Біздің елде тілдер халық

достығы  тіл болып саналады.

Шуғыла:

Өзіңді өзін

жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін.

Если сам себя

не уважаешь никто тебя не уважат не будеть

Жансая:                                                                                                                                                         

Язык это великое творение

челевека

Слова- самое

совершенное средство обшение

Шуғыла: Знать

язык сегодня  стало,

Лишь один , не

скрою мало.

Ән: «Анамның

тілі»

 Қазағым тіліңменен жана берші.

Әуендетіп, әніме сала берші.

Мәңгі даңқың түспесін-қазақ тілі.

Көкейімде жатталып қала берші.

Мұғалім: Тіл! Тіл-құрал!

әсіресе, егер ол өз ана тілін немесе туған тілің болса. әрбір ұлттың өзінің

ұлттық тілі болады. Сол ұлттық тілді әрбір адам қорғай білуі қажет. Сол сияқты

ұлттық тілді қорғау-біздің міндетіміз.

Жансая

Ана тілім

 Жүрегісің анамның

 Жүрек – ана

 Мен өзіңмен жаралдым.

 Өсірген ой – білімді

 Сүйем туған тілімді

 Мақсат етем әр сөздің

 Мәнін терең білуді.

Саят:

Ана тілім елдігім,

 Ана тілім ерлігім.

 Ана тілім болмаса

  Бүтінделмес

кендігім.

Шуғыла:

Once I  spoke

tһe Ianguage of tһe flower

Once I understooch said

Once I smiled in secred at tһe gossip of starlings

Once I spoke tһe English Iangua

Нұрберген:

Ана тілім -ұраным

Ана тілім құралым.

Ана тілім болмаса

Мықты болмас тұрағым.

Еркебұлан:

Кіршіксіз қардай сақтаңдар,

Қазақтың тілін ғаламат.

Ана

тіл-арым,иманым,

Аманат,

саған,аманат.

Шуғыла:

 Туған

тілім-тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы

Өссе тілім менде бірге өсемін,

 Өшсе тілім менде

бірге өшемін.

Қаусар:

   Ақыл ойын адамның,

    Ана тілден аламын.

   Ана тілім

ардақты,

   Ақ сүтіндей

ардақты

Жансая:

ағылшынша оқу

Дінмұхаммед:

Ана тілім қазақ тілі,

Қасиетті тіліміздің 

бәрін біл

Анам тілді құрметтеңдер адамдар

Заманға сай өзге тілдің бәрін біл.

Хайринса:

Любой язык по- своему 

велик-

 Бесценное  наследство вековое

Так берегите свой родной язык

Как самое на свете дорогой

Мұғалім:                                                                            

                                                О,

адамдар, қадіріне жетіңдер!

Ана

тілің-анаң. Сыйлап өтіңдер!

Туған тілін танымаған көрсоқыр,

Болып өтер ертең мәңгі өкінер.

Ән: «Анамның тілі » хор.

Жұмбақтар:

Екі тақта арасында

Қимылдайды қызық тақта.(тіл)

Үнемі ауызда бұлтыңдайды,

Бірақ жұтылмайды. (тіл)

Мақал- мәтел  жалғасын тап

1.    

Тіл тас

жарады,тас жармаса...(бас жарады)

2.    

Піл

көтермегенді, (тіл көтереді)

3.    

Бас кеспек болса

да, (тіл кеспек жоқ)

4.    

Шебердің қолы

ортақ. (шешенің  сөзі ортақ)

5.    

Өнер алды-

(қызыл тіл)

6.    

Тіліңмен

жүгерме, (біліммен жүгір)

7.    

Бала тілі-(бал)

8.    

Тіл қаруы-

(сөз)

9.    

Өзге тілдің

бәрін біл, (Өз тіліңді құрметте)

10. Басқа пәле   - тілден

Халқымыз қашанда тіл өнеріне,шешендікке зор мән берген.

Атақты билер,ақындар мен жыраулар ұйқастыра өлеңдетіп жырлаған. Қазақ халқының

атақты үш биі тіл туралы сөз айтқан.

Төле

би:

Әр

бір тілде сөйле әлемді таң қылып,

Ана

тілін білмеу қандай заңдылық.

Өсер

бабаң, байтақ далаң тұрғанда

 Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.

Қазыбек

би:

Жетер

енді әркімге бір ермейік,

Қазақ

болсаң құлашты бір сермейік.

 Қанға сіңген ана тілін халқым – ау,

 Шұбарлауға ешқандай жол бермейік.

Әйтеке

би:

Қазақ,

қазақ болғалы,

 Тіл үшін күрес көргені.

 Көргені көп тілімнің,

Мүмкін

емес өлмегі.

Би: Қазақ биі қыздар тобы

Мұғалім: «Тіл –ата-баба аманаты. Ғасырдан ғасырға,

ұрпақтан ұрпаққа ұласқан,бабадан балаға жалғасқан ұлы мұралардың ұлысы алдымен

әр ұлттың тілі ғой. Ендеше ата-баба мұрасын жалғастыру, оның мәртебесін

көтеру-мына баршамыздың міндетіміз, парызымыз.

Оқушылар шығармасынан үзінді.Тіл туралы

шығармаларын оқып береді.

Ән: «Туған тілім» хор

 Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның

болашағы-қазақ тілінде» деп айтқаныдай сендер осы ана тіліміздің мәртебесін

биікке ұшыратын сұңқары, бәйгенің алдын бермес тұлпары болуларыңа тілектеспін.

 

 

Просмотров: 607


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст