«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Абай атындағы Бұлақсай ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразательная школа №2 имени Абая села Булаксай по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

27.11.2017

Алаштың бала ақын-жас дарындары

(Алаштың 100 жылдығы)

   Алаш партиясының  100 жылдығына арналған «Бала ақын- жас дарын»

атты облыстық оқушылар арасында өткен 

айтысқа  Аршалы ауданы Бұлақсай ауылы Абай атындағы Нововладимир орта мектебінің 6-сынып оқушылары Бахыт Арайлым мен Кенжегул Марал қатысып қайтты. Алғашқы қадамдары ақындар

айтысында  ерекше өнер көрсеткені үшін

диплом және инновациялық оқитын қаламы бар электронды «Даналық кітабымен»

(инновациялық сөйлейтін қалам) марапатталды.

   Бұл айтыста Республикамыздың азулы айтыскер ақыны, жазба ақыны Дәулеткерей Кәпұлы

жасөспірімдер арасында өткен айтысқа мұрындық болып, өнерлі жас ақындарымыздың

сөз өнеріне деген құлшыныстарына жоғары бағалап, бата берді. Қатысушы

оқушылардың арасында  жас ерекшелігіне

қарай ең кішкентай Арайлым мен Маралдың өнеріне тәнті болып, ризашылығын

білдірді.

   Оқушыларымызды сөз өнеріне баптап, дайындап, нәтижеге қол жеткізуге  үлес қосқан Бұлақсай ауылы мәдениет үйінің

меңгерушісі Құралқан Құрметтің еңбегі зор.

   Абай орта мектебінің ұжымы олжалы оралған айтыскер ақындарымызды мектепте салтанатты

түрде  қазақы шашу шашылып, қошеметпен

қарсы алдық. Ата-аналарымызда  шашуын

шашып, Құрметтің иығына шапан жауып құрмет көрсетті. Ол дегеніміз сөз өнеріне  көрсетілген құрмет.  

   Осындай сөзжанашыры, тілжанашыры азаматтарымыз елдің рухын жаңғыртып, өнерін асқақтата

берсін. Құрметке алғыс білдіріп, өнердің биігінен көрініп,толағай табыстарға

жете беруіне тілектеспіз. Бұл жетістік барлығымыздың жетістігіміз, жеңісіміз.

Ақын қыздарымыздың тілге көсем, сөзге шешен болып, Қазақстан Республикасының  от ауызды, орақ тілді айтыскер азаматшалары болып, сахнаның төрінен көре беруімізге Алла нәсіп етсін. Өрендеріміздің өнері

таси берсін!

     

 

Абай атындағы Нововладимир орта мектебінің

директордың міндетін атқарушы Халым Т.

Просмотров: 650


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст