“Ұстаздар күні” мерекелеріңізбен!
Кешегі түлегіміз- бүгінде ізбасар ұстаз
Ұстаз бейнесі – шәкірт үшін адамгершіліктің ең жоғары үлгісі. Ұстаздың лаулаған жалыны — әр жүрекке жылу сеуіп, нұр құятын қуаттың, өмірдің қайнар көзі. Тіршіліктегі шырақтың сөнбес ошағы. Ұстаз — өзінің бар күшін, бүкіл өмірін бала тәрбиесіне бел буған періште.
Кешегі түлегіміз-бүгінде білікті маман, ортамызда мұғалім болып жұмыс жасауда.
Бахыт Оразбек 1995 жылы 3-наурызда Ақмола облысы Аршалы ауданының Бұлақсай ауылында дүниеге келген. Отбасының ең үлкені. Екі қарындасы, бір інісі бар. Әкесі Ыбырайхан Бахыт дүниеден өткен, анасы Диханшинова Сания отбасының тірегі , балаларына қамқор болып отыр.
Бахыт Оразбек отбасын құрған. Жолдасы Есенболды Гаухар ағылшын тілі пәні мұғалімі.
Бахыт Оразбек 2017 жылы алматы қаласы Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінен информатика пәні мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған.
Абай атындағы Бұлақсай ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінде информатика пәні мұғалімі болып істейді. Абай орта мектебінен білім алған түлегі, бүгінде мектебіміздің білікті маманына айналып, алдынан көптеген шәкірттер тәрбиелеп, білім беріп жатқан ұстаз..
Осы ұжымда 7 жыл мұғалімдік қызметін атқарып заманауи инновациялық технологиялар арқылы оқушыларға ғылыми зерттеушілік қабілеттерін дамытып, қызығушылытарын арттыруда.
Көптеген оқушылары роботатехника және IT технологиялары бойынша Республикалық, облыстық, аудандық деңгейде ғылыми жобалар сайысына қатысып, Бас жүлде, І,ІІ,ІІІ орындарды иеленіп, «Алтын», «Күміс», «Қола» медальдар тағып, ауданымыздың мақтанышы болып келеді.
«Арман инженеринг» ЖШС-тің демеушілігімен робототехника кабинеті жабдықталып, оқушыларға қосымша білім беру, IT технологиясымен жұмыс жасауда зор мүмкіндікке ие болды. Осындай қолдаудың нәтижесінде оқушылары білім бәсекесінде биіктен көрініп, жетістіктерге жетіп жатыр.
Мектептің дамуына, алға жылжуына азамат ретінде қолдау көрсетіп, қамқорлық жасап, көмек қолын созып жүретін дархан мінезіне де дән ризамыз.
Оразбек оқушыға білім беріп қана қоймай өз білімін жетілдіріп, конкурс, сайыстарға қатысып, жүзден жүйрік атанып «Үздік маман» төсбелгісімен марапатталды. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, сондай-ақ, облыстық білім басқармасы, Аршалы аудандық білім бөлімі басшыларының Алғыс хаттарымен марапатталды. Мұғалімнің және оқушыларының жетістіктерін мақтанышпен атап айтуға болады.
1.«Үздік маман» Республикалық байқауында ІІІ дәрежелі диплом 2020 жылы.
2.2-7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының XVII Республикалық «Зерде» конкурсының жүлдегері Шерикбай Саматты дайындағаны үшін Алғыс хат, 2022 жылы.
3.Ақмола облысының білім басқармасының Алғыс хат, 2022 жылы.
Алғыс хат Nur Otan партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімінің 2020 жылы.
4.1-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар «Зерде» республикалық байқауының облыстық кезеңінде «физика-техника» секциясы бойынша Байтомар Дінмұхаммед ІІ орын,
Көкшетау 2020 жылы.
5.1-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар «Зерде» республикалық байқауының облыстық кезеңінде «робототехника» секциясы бойынша Нурболат Саят ІІ орын, Көкшетау
2020 жылы.
6.Ақмола облысының білім басқармасының 2019-2020 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың облыстық ғылыми жобалар байқауының робототехника секциясы бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен Мүсілімұлы Нұрлан марапатталды, Көкшетау 2020 жылы.
7.«Көкше дарыны» атты «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» облыстық инновациялық идеялар байқауы бойынша Мүсілімұлы Нұрлан ІІ орын,
2020 жылы.
8.«Көкше дарыны» атты «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» облыстық инновациялық идеялар байқауы бойынша Сайранхан Абылайхан ІІІ орын, 2020 жылы.
9.«Көкше дарыны» атты «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» облыстық инновациялық идеялар байқауы бойынша Салдатхан Аян ІІІ орын, 2020 жылы.
10.«Көкше дарыны» атты «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» облыстық инновациялық идеялар байқауы бойынша Нурболат Саят ІІІ орын, 2020 жылы.
11.«Аршалы дарыны» атты аудандық ғылыми жобалар байқауында көрсеткен үздік жетістігі үшін Мүсілімұлы Нұрлан І орын 2021 жылы.
12.«Аршалы дарыны» атты аудандық ғылыми жобалар байқауында көрсеткен үздік жетістігі үшін Сайранхан Абылайхан І орын 2021 жылы.
13.«Аршалы дарыны» атты аудандық ғылыми жобалар байқауында көрсеткен үздік жетістігі үшін Салдатхан Абылайхан ІІІ орын 2021 жылы.
14.Облыстық «Мен табиғатты зерттеймін» ғылыми жобалар байқауында «Туған жеріміздің тағдыры өзіміздің қолымызда» номинациясы бойынша Байтомар Дінмұхаммед І орын 2021 жылы.
15.1-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар «Зерде» республикалық байқауының облыстық кезеңінде «физика-техника» секциясы бойынша Шерикбай Саматты І орын, Көкшетау
2020 жылы.
16.2-7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының XVII Республикалық «Зерде» конкурсы Шерикбай Самат
II орын 2021жылы.
17.Аршалы ауданы әкімінің Алғыс хаты Шерикбай Самат 2021жылы.
18.«Аршалы дарыны» атты аудандық ғылыми жобалар байқауында көрсеткен үздік жетістігі үшін І орын Байтомар Дінмұхаммед 2023 жылы.
19.«Аршалы дарыны» атты аудандық ғылыми жобалар байқауында көрсеткен үздік жетістігі үшін мадақтама Шерикбай Самат 2023 жылы.
20.1-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар «Зерде» республикалық байқауының аудандық кезеңінде «физика-техника» секциясы бойынша Шерикбай Әділ ІІ орын 2023 жылы.
Өмірдің өзі де ұстаз. Бірақ осынау «ұстаз» сөзінің астарында мыңдаған білім мен ғылым, махаббат пен сүйіспеншілік жатқанын байқай бермейміз. Ұстаз болу кез келгеннің қолынан келе бермейді. Шәкірт тәрбиелеу, оны биікке жетелу, қанаттандыру, жаны мен тәнін, болмысы мен барын беру тек ұстаздың қолынан келетін қасиеттер.
Ұстаздардың еңбегін ұлы ететін өздері емес, шәкірті. Білім нәрімен сусындатып, үйретуден талмаған ұстаздың сан жылдар бойғы еңбегінің жемісі – аяулы әрі білімді шәкірті. Бәйгеден оза шауып, мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік келген шәкірт үшін ұстаздың қуанышы сіз бен бізге елестетуге келмейтін сезім.
«Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» — деп француз ойшылы Жан Жак Руссо айтпақшы, алтын уақытын аямай шәкірт жүрегінен жол тапқан Бахыт Оразбектің алар асуы мен бағындырар белесі биік боларына сенемін.
Осы орайда алда келе жатқан «Ұстаздар күні» мерекесімен әріптестерді және мектебіміздің дамуына зор үлесін қосып, аянбай еңбек етіп жүрген Бахыт Оразбекті құттықтай келе, жұмыстарынан табыс, шаңырақтарына шаттық тілеймін.
«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы білім бөлімі бойынша Абай атындағы Бұлақсай ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры: Халым Т.