Күні: |
17.11.2017ж |
||
Сыныбы: |
1 «Б» сынып |
||
Пәні: |
Математика |
||
Сабақтың тақырыбы |
Қосудың ауыстырымдылық қасиеті |
||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.1.2.3 қосудың ауыстырымдылық қасиетін; 0 және 1-дің қасиетін қолдану 1.1.2.4 бір таңбалы сандарды ондықтан аттамай қосу кестесін құру, білу және қолдану |
||
Жетістік критерийлері |
Барлық оқушылар орындай алады: қосудың ауыстырымдылық қасиетін; 0 және 1-дің қасиетін қолданады; Оқушылардың көпшілігі орындай алады Біртаңбалы сандарды қосу кестесін құру және азайтудың сәйкес жағдайларын қолданады. Кейбір оқушылар орындай алады: бір таңбалы сандарды ондықтан аттамай қосу кестесін біледі, құрады және қолданады. |
||
Тілдік мақсат |
Оқушылар: Бір таңбалы сандарды қосу кестесін қолданып, қосу нәтижесін анықтауда меңгереді. Пәндік лексика және терминология: Ондық, бірліктер, қосу мен азайту компоненттері, қосу кестесі, қосудың ауыстырымдылық қасиеті. |
||
Алдыңғы оқу: |
0-ден 10- ға дейінгі сандар, бір таңбалы қосу және азайту кестесі. |
||
Ойлау деңгейлері: |
Білу, түсіну, қолдану |
||
Бағалау критерийлері: |
1. 10 – ға дейінгі сандарды қосу кестесін құрастыра алады. 2. Қосу мен азайтудың компоненттерін атай алады. 3. Қосудың ауыстырымдылық қасиетін біледі. |
||
Жоспар |
|||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 3 минут |
Алақай-ау, алақай! Бұдан былай мен енді Емеспін жай балақай Осыданда көлемді Оқи алам өлеңді Бардым бүгін мектепке, Оқушымын мен енді! Топтың атын қою: «Қосу» «Азайту» «Теңдік» |
Шаттық шебері
Топтың аттары |
|
Сабақтың ортасы 17 минут
|
Өткен сабақты еске түсіру «Кім жылдам» 5+4= 10-7= 8 – 3= 9 * 6 Геометриялы пішіндерді ата? Дескриптор: білім алушы -Қосу кестесін біледі, есептерді шығара алады. - Геометриялық пішіндерді біледі. Тыңдалым. Суреттерге қарап, қорытынды жаса. 3+1 1+3 4+2 2+4 3+2 2+3 Қосу амалында қосылғыштардың орнын ауыстырғанымен, қосындының мәні өзгермейді. Бұл – қосудың ауыстырымдылық қасиеті. 5+4═4+5 Шығарып көр. Жұмыс дәптерлерінің тапсырмасын орындату Тақтамен жұмыс Жазылым 2+7=7+2= 1+8=8+1= 1+7=7+1= 3+5=5+3= 2+6=6+2= 4+6=6+4= 2+8=8+2= 1+9=9+1= Дескриптор: білім алушы -Қосудың ауыстырымдылық қасиетін түсінеді -Дәптерге жаза алады |
АКТ
Оқулық
Жазба жұмыс дәптері |
|
Сергіту сәті 3 минут |
Он қолымда бес саусақ Сол қолымда бес саусақ Беске бесті қосқанда Болып шықты он саусақ |
|
|
Аяқталуы
15 минут
|
Серпілген сауал: -Тура санау -Кері санау -Үш тілде санау Дескриптор: білім алушы -Берілген сұрақтарға жауап бере алады. Топтық жұмыс 1-топ «Санның құрамын тап» 2-топ «Сандарды салыстыр» 3-топ «Түсіп қалған сандарды жаз» Дескриптор: білім алушы -Топпен бірігіп жұмыс жасай алады. Қорытынды: «Менен сұрақ,сізден жауап» Сұрағы бар жемістер ілініп тұрады. Дескриптор: білім алушы -Берілген сұрақтарға жауап бере алады |
Доп
Кеспе қағаздар А3 парағы
Жемістің суреттері |
|
Сабақтың соңы 2 минут |
Кері байланыс: «Жұлдызың жарқырасын» |
Жұлдыздың суреттері |