Жалпы ережелер
Көрсетілген қызметті берушілер туралы: «Ақмола облысы білім
басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Абай атындағы Бұлақсай ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Мекен-жайы: Аршалы ауданы, Бұлақсай ауылы, Абай көшесі, 11
Мемлекеттік көрсетілген қызметтер туралы ақпарат:
«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Абай атындағы Бұлақсай ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 84 қызмет көрсетті.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпарациясы арқылы көрсетілген қызметтер саны – 0;
Электрондық нұсқада көрсетілген қызметтер саны – 10;
Қағаз түрінде көрсетілген қызметтер саны – 73.
Білім беру саласында барлық қызметтер тегін көрсетілді.
Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілген қызметтер туралы ақпарат:
«мектепке дейінгі ұйымға құжаттарды және балаларды қабылдау»;
«бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»;
«шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну»;
«жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну»;
«бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыруға құжаттарды қабылдау»;
«аттестаттаудан өту үшін білім беру ұйымдарының және республикалық ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерін біліктілік санаттарын беру және растау үшін құжаттарды қабылдау».
Қызмет алушылармен жұмыс:
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол
жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет ресурста орналастырылған https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu?lang=kk білім басқармасының «Мемлекеттік көрсетілген қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.
Мемлекеттік қызметтер тәртібін айқындайтын заңға тәуелді
нормативтік-құқықтық актілердің интернет порталында жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілген
қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
2021 жылға мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.
Мектеп директоры: Халым Т.
Орынд.Хуанар Д.
Тел:25-7-46