«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Абай атындағы Бұлақсай ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразательная школа №2 имени Абая села Булаксай по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Информатика пәні мұғалімі аудан әкімінің дипломы және қаржылай сертификатпен марапатталды.

20.12.2024

Мектебіміздің информатика пәні мұғалімі Бақыт Оразбек, 2023~2024 жылғы қыста ауылдық округ тұрғындарына су тасқыны  қаупінен құтқарып, өз техникаларымен құтқару жұмыстарын жүргізді.
Ел азаматы күндіз күлкі,түнгі ұйқысын қиып ауылдастарының үй~жайларының аман қалуына, адамдардың зардап шекпеуіне қолда бар күш,жігер, мүмкіндіктерін аяған жоқ.
Осындай елжанды ерікті азаматымызды  Еріктілер күні қарсаңында салтанатты іс~шарада Аршалы аудан әкімінің дипломы және  қаржылай серификатпен марапаттады.
Мектебіміздің де ыстығына күйіп, суығына тоңып, шаруашылықтың қажет болып қалған тетіктеріне өзі ұсыныс  жасап, қалай істеу  керектігіне азамат ретінде үздіксіз қолдау көрсетіп, мектептің алға жылжуына, дамуына өлшеусіз еңбек сіңіріп келе жатқанын мақтанышпен айтамыз.
Абай орта мектебінің 
директоры Халым Т.
Абай мектебінің абройы асқақ, мәртебесі биік бола берсін!🤲🤲🤲🙏

Просмотров: 2255


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст